Интернет байланысын тексеріңіз.
МонКаз Груп - Біз туралы

Біз туралы – Monkaz Group

Monkaz Group – Қазақстан аумағындағы жиһаз өндірушілеріне арналған PVC плёнка және жоғары сапалы желім (клей) жеткізумен айналысатын мамандандырылған компания.

Біздің өнімдеріміз ас үй гарнитурлары, шкафтар, есіктер, панельдер мен түрлі интерьерлік элементтер өндірісінде кеңінен қолданылады. Заманауи жиһаз фасадтарына арналған декоративті және қорғаныс жабындарын ұсына отырып, біз өз серіктестерімізге сапалы әрі тиімді шешімдермен көмектесеміз.

Негізгі өнімдеріміз:
PVC плёнка:
Жиһаз беттеріне арналған ылғалға, сызатқа және күн сәулесіне төзімді сәндік жабын. Әртүрлі текстурада – глянец, мат, ағаш өрнегі, металлик және түсті үлгілерде ұсынылады.

Жиһазға арналған клей:
MDF, ДСП және басқа да беттерге PVC пленканы вакуумдық және термопрестік әдіспен жабыстыруға арналған жоғары сапалы желімдер.

Жоғары